Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей колледжіндегі жарылыс кезінде түсірілген видео пайда болды (видео)

Ресей колледжіндегі жарылыс кезінде түсірілген видео пайда болды (видео)

Ресейдің Керчь қаласындағы политехникалық колледжге жасалған шабуылдың видеосы пайда болды.

Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.
Видео кадрларынан жарылыстан кейін маңайды түтін басқаны байқалады. Арғы жағында атылған оқ дыбыстары естілуде.
Еске сала кетсек, 17 қазанда Керчь қаласындағы колледжде жарылыстар болып, атыс орын алды. Оқиға салдарынан 19 адам көз жұмып, 40-қа жуығы зардап шеккен. Олардың дені – жасөспірімдер.
Артынша анықталғандай, қайтыс болғандардың көбі оқ жарақатынан көз жұмған. Куәгерлердің сөзінше, ғимаратта жарылыс болып, артынша сыртқа жүгіріп шыққан адамдарға оқ жаудырылған.
Күдікті деп болжанып отырған 18 жастағы Владислав Росляков өзіне қол жұмсады.
Қырым басшысы Сергей Аксеновтің сөзінше, оқытушылары Росляковты қарапайым студент деп білген: ызақор болмаған, шәкіртақы алған және бұған дейін заңға қатысты қиындықтары болмаған екен.
Севастопольде қайғылы оқиғадан кейін 3 күндік қаралы күн жарияланды.

Stan.kz
18 қазан 2018 ж. 1 416 0