Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кемерово қаласында сауда үйіндегі өрттен қаза тапқандар саны 53-ке жетті

Кемерово қаласында сауда үйіндегі өрттен қаза тапқандар саны 53-ке жетті

Кемерово қаласында «Зимняя вишня» сауда орталығында болған өрт салдарынан қаза тапқандар саны 53-ке жетті. Бұл туралы ресми мәліметтер РФ ТЖД-да айтылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ntv.ru сайтына сілтеме жасап.
«Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер өртеніп кеткен «Зимняя вишня» сауда орталығының кіруге мүмкін жерлерінің бәрін тексеріп шықты. Кинозалдар мен ойын бөлмесі бар қабат және алғаш өрт шыққан жер де тексерілді. Төбесі құлап кетуі мүмкін болғандықтан, кей бөлмелерге кіру мүмкін емес», - делінген сюжетте.
Сауда орталығындағы екі кинозалдың төбесі құлады.
Аймақтық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, Кемерово қаласындағы ауруханаларда зардап шеккен 12 адам жатыр, екеуінің жағдайы ауыр. Сауда орталығының 48 жұмысшысы мен орталыққа келушілер дәрігерлер көмегіне жүгінген.
Еске сала кетсек, 25 наурызда сауда орталығының төртінші қабатынан өрт шыққан. Алдымен балаларға арналған ойын бөлмесі өртеніп, кейін өрт аумағы 1500 шаршы метрге дейін жеткен.
Куәгерлердің айтуынша, ғимаратта өрт сөндіру дабылы мен өрт сөндіру жүйесі іске қосылмай қалған.

26 наурыз 2018 ж. 1 489 0