Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астаналықтар ХКҚО электронды қызметін түрлі қоғамдық орында пайдаланып жатыр

Астаналықтар ХКҚО электронды қызметін түрлі қоғамдық орында пайдаланып жатыр

Акция «Астана – адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қолжетімді ХҚКО» акциясы аясында енді қала тұрғындары өздеріне қажет анықтамаларды ірі ОСО, базарларда, емханаларда және сауда орындарында, кеңселер мен мекемелерде ала алады. ХҚКО-ның қызметкерлері адамдар көп жиналатын жерлерге барып қызмет көрсететін болады. Бүгін осындай мүмкіндікті «MegaSilkWay» сауда және ойын-сауық орталығының келушілер мен қызметкерлері алды.
«Президент биылғы Жолдауында бірінші кезекте цифрландыру міндетін қойған болатын. Халық электрондық үкімет арқылы қызмет алудың ыңғайлы әрі тиімді екенін түсінуі қажет. «Астана – адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында біз 8 ақпаннан бастап осындай үлкен істі қолға алдық. Яғни ХҚКО-ның қызметкерлері ірі сауда орындарына, кеңселерге барып сол жерде адамдарға түрлі анықтамаларды алу жолын, e.gov порталын қолдану жолдарын түсіндіріп, көрсетіп, үйретеді», - деп атап өтті «Астана – адалдық алаңы» жоба кеңсесінің жетекшісі Ж. Жылқышиева.
Қазіргі кезде осы акция аясында электрондық-цифрлық қолтаңба және түрлі қызмет түрін 5 мыңнан астам қала тұрғыны алды. ХҚКО қызметкерлері болашақта мектептерді аралауды жоспарлап отыр. Акция бірінші жартыжылдықтың соңына дейін жалғасады.

18 ақпан 2018 ж. 1 333 0