Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа заманға бейімделуді көздейді

Жаңа заманға бейімделуді көздейді

Президенттің  биылғы Жолдауындағы цифрландыру және цифрлы технологияларды өмірдің барлық саласына енгізу туралы ұсынысы бүгінде басты тақырыпқа айналды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу керектігі де нақты айтылды.
         Президент ұсынған «Цифрлық Қазақстан» – жаңа цифрлық технологияны меңгеру ғана емес, жаңа заманға бейімдеу. Цифрлы технология қоғамға дендеп енді. Енді оны әрі қарай дамыту міндеті тұр. Жаңа технологияны күнделікті кеңінен қолдану – жан-жақты тиімді шараларды талап ететін жұмыс.
         Елбасы атап өткендей, цифрлы дәуір жағдайында елдің жаңа индустриялануында басты маңыздылық, кадрлық қамтамасыз ету болмақ. Осыған орай, жоғары оқу орындарында ақпараттық технологиялар факультеттерін құру қолға алынуда. Цифрландырудың арқасында Қазақстанның экономикасы 30 пайызға өсуі керек. Елімізде жинақталған тәжірибе мен құзыреттілікті сақтау үшін цифрландыру саласындағы мемлекеттік тапсырыстарды жүзеге асыру мәселелерін саралауға отандық бизнестің қатысуы өте қажет. Цифрландыру бағдарламасы бекітілді. Сондықтан олардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету керек.
         «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының орындалуынан күтілетін нәтижелер де қомақты. Цифрландыруды енгізудің арқасында өндіруші өнеркәсіпте өнімнің өзіндік құны төмендеп, өндіріс көлемі ұлғаяды. Сондай-ақ, электронды коммерция саласында 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Тек кеден және салық қызметтерін цифрландыру нәтижесінде мемлекет қазынасына 100 миллиард теңгеден астам қаржы түспек. Сонымен бірге, «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» атты халықаралық форум өткізуде жоспарлануда. Біз цифрлы экономикаға қадам басып жатырмыз. Бұл салада бәсекеге қабілеттілігімізді қалыптастыру үшін дені сау, білімді ұрпақ керек.
         Цифрлы реформаның тағы бір қозғаушысы – халықты урбанизациялау. Қала халқының саны күн санап артуына байланысты қала инфрақұрылымына үлкен салмақ түсуде, бұл қала шығынын оптимизациялау керектігін білдіреді. Қазақстан қалаларында «Смари Сити» концепциясын кешенді түрде енгізу қала шығынын азайтуға көмектеседі. Цифрландыру біздің еліміз секілді елдердің қалаларына үлкен пайда табуға көмектесіп, бизнес үрдістерді қашықтықтан басқаруға септеседі.
            2017-2020 жылдарға арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жариялаған кезде Елбасы «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылықұрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды, кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек» деген болатын. Президент бағыт беріп отырған бағдарламалар мен міндеттерді орындау – әрбір азаматтың, әр ұжымның басты мақсаты.
            Иә, барлық салада жаңа технологиялар өте зор жылдамдықпен дамуда. Заман ағымынан кейін қалмау үшін соны технологияларды жетік меңгерудің еңбек өнімділігін арттыруда маңызы зор. Осы орайда, аудандағы АХАТ бөлімі қызметінің маңыздылығы да ерекше. Атап айтар болсақ, туу, бала асырап алу, тегін, әкесінің атын ауыстыру, азаматтық хал акті жазбаларын қалпына келтіру және қайталама куәліктермен айналысатын бөлім, сондай-ақ, неке қию, нек бұзу, қайтыс болу анықтамаларын да береді. Сонымен қатар, бізде халықтың игілігі үшін оңайлатылған әрі ыңғайлы мемлекеттік қызметтің түрлері көрсетіліп келеді. Мәселен, бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу баламалы түрде  тіркеуші орган мен ХҚКО арқылы және «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асады. Айта кетерлік тағы бір жайт, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктері жұмыстарын электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асыратын болса, міндетті түрде 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының ХҚКО-да міндетті түрде тіркеуде тұруы керек.
            Алдағы уақытта электрондық үкіметті (www.e gov.kz.веб-порталы) насихаттау жұмыстары одан әрі жалғасын табатын болса, тұтынушылар санының артатыны анық.
М.Жұмашева,
аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы.
13 ақпан 2018 ж. 2 000 0