Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Желіде Денис Теннің балалық шағының жантебірентерлік видеосы пайда болды

Желіде Денис Теннің балалық шағының жантебірентерлік видеосы пайда болды

Ғаламторда бір ай бұрын қайғылы жағдайда көз жұмған танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің балалық шағындағы жантебірентерлік видеосы пайда болды.

Мұз айдынын бағындырған Денис Теннің балалық шағында түсірілген видео Denis Ten Forever YouTube каналында жарияланды, деп жазады Stan.kz.
Бұдан басқа, Дениске арналған YouTube каналда спортшының алты айлық кезіндегі видеосы да жарияланды.
Естеріңізде болса, бұған дейін Денистің анасы Оксана Тен қайғылы оқиға орын алған жерге ұлына арнап ескерткіш орнату туралы жоспарларымен бөліскен болатын. Бұдан басқа, спортшының анасы қала әкімдігінің әйгілі спортшы тұрған үйге мемориалдық тақта орнатуға және Денис туралы кітап шығаруға көмек көрсетуге уәде бергені туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, жақында Денис Теннің досы, мәнерлеп сырғанаушы Алексей Ягудин қайғылы жағдайда қайтыс болған спортшыны еске алып, «Таед лед» бағдарламасының шығарылымын жолдасының рухына арнады.

Stan.kz​​​
13 тамыз 2018 ж. 1 659 0