Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Денис Теннің өліміне күдікті өз кінәсін мойындады

Денис Теннің өліміне күдікті өз кінәсін мойындады

Дарынды спортшы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Ведомствода мәлімдегендей, шұғыл тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде күдіктілердің бірі тұтқындалды.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
Tengrinews.kz мәліметінше, Алматы прокуроры Берік Жүйріктаев Денис Теннің өліміне қатысты күдіктінің есімін атады. Оның аты-жөні Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Ол өз кінәсін мойындады.
Ал спортшының өліміне қатысты екінші күдікті іздестіріліп жатыр.
Тергеуге байланысты басқа мәліметтер таратылмай отыр.
Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді белгісіз біреулер пышақтап кетті. Спортшыны кімнің жарақаттағаны анықталды. Артынша оның қайтыс болғаны ресми түрде хабарланды.
Stan.kz
20 шілде 2018 ж. 1 775 0