Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді пышақтап кетті

Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді пышақтап кетті

Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді белгісіз біреулер пышақтап кетті. Пышақ жарақатын алған спортшы қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл ақпаратты №12 орталық аурухананың қабылдау бөлімі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

«Денис Тен бізге түскі сағат 15:00 шамасында түсті. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр», – деді аурухана мамандары.
Куәгерлердің айтуынша, спортшыны біреу пышақтап кеткен.
Айта кетейік, 25 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.
Stan.kz
19 шілде 2018 ж. 1 245 0