Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағандыда қомақты қаржымен жүріп жоғалып кеткен дәрігер табылды

Қарағандыда қомақты қаржымен жүріп жоғалып кеткен дәрігер табылды

Қарағандыда жоғалған анестезиолог дәрігер Денис Ромашков табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше із-түзсіз жоғалған Денис Ромашковты Михайловск полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері тапты.
«Қазіргі уақытта оның жағдайы жақсы. Аман-есен табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін  Қарағандыда 41 жастағы анестезиолог дәрігер Денис Ромашковтың 18 наурыздан бері іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат тараған еді.
25 наурыз 2018 ж. 1 410 0