Жарылыс кезінде ата-анасынан адасқан балаларды Шымкенттегі мешітке әкеліп табыстап жатыр

Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр. Арыстағы жарылыс: 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінді Бұған дейін Қорғаныс министрлігі жарылыстардан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелмегенін хабарлаған болатын. Төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды. Ал қала әкімдігі тұрғындардың жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын хабарлаған. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған. Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.