Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арыста не жағдай болды: Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесі

Арыста не жағдай болды: Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесі

24 маусым күні Арыс қаласында жарылыс болды. Бұған Қорғаныс министрлігі пікір білдірді.

"24 маусым күні Арыс қаласында орналасқан ҚР Қарулы күштер арсеналында жарылыс болды. Оқ-дәрілер бөлшектенуіне әкелді. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - делінген хабарламада. 
Қорғаныс министрлігі оқиға орнына арнайы комиссия жіберді.
Қарулы Күштердің жеке құрамының күшімен оқиға салдарын жою жөнінде шаралар қабылданды. 
"Тыңдаңыздар! Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс жасайды. Тәулік бойы 8/7252/44-94-72 немесе 8/7252/35-33-66 телефон нөмірі бойынша сіз қажетті ақпаратты ала аласыздар", - деді Шымкент қалалық ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы
Бұған дейін Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік.
24 маусым 2019 ж. 919 0