Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Рамазан айында шымкенттік белсенділер 200 балаға арнап дастархан жайды

Рамазан айында шымкенттік белсенділер 200 балаға арнап дастархан жайды

Шымкент қаласында Рамазан айының қарсаңында қайрымды жандар 200 балаға арнап дастархан жайды

Бүгін Шымкент қаласында "Шымкент холл" салтанат сарайында Түркістан облыс Арыс қаласы, Сайрам, Төлеби аудандарының балалар үйі бүлдіршіндеріне, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы дастархан жайылды. 
Бұл шара қайырымды жандар тобынан құралған азаматтардың белсенділігімен ұйымдастырылып отыр. Мерекелік кешке "Holiday" анимациялық мекемесі бүлдіршіндерге қуыршақтандырылған көріністермен көңілді кеш сыйға тартты. 
"Мына бүгін ұйымдастырылған кештен керемет әсер алдым. Осы Рамазан айында бізге жақсылық жасаған азаматтарға алғысым шексіз. Рамазан айында тілерім барлық отбасыға аманшылық, елімізге бейбітшілік, ашық аспан", - деп өз алғысын білдірді өксәйек арнайы негізі мектебінің тәрбиеленушісі Ислам Әбдіхалық.
Сонымен қатар, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында "Royal" би тобы және де елімізге танымал әншілер өз өнерлерін қонақтарға паш етті. 
Кеш соңында ұйымдастырушылар тарапынан бүлдіршіндерге сый-сияпаттар, киім-кешектер табысталды.
http://stan.kz
18 мамыр 2019 ж. 878 0