Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ БАСҚОСТЫ

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ БАСҚОСТЫ

"Нұр Отан" партиясы Арал аудандық филиалының ұйымдастыруымен бастауыш партия ұйымдарына арналған жиын өтті. Күн тәртібіне қойылған, негізгі талқылауға арналған тақырып - партияның жаңғыруы. Іс - шараға "Нұр Отан" партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және аудандық филиалға қарасты 33 БПҰ қатысты. 
Тамыздың 22-інде Шымкент қаласында Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстық және Шымкент қалалық филиалдарының бастауыш партия ұйымдарына арналған Аймақтық форум өткізілген болатын. 
- Бастауыш партия ұйымы – партиямыздың тірегі. Партияның негізгі күші бастауыш партия ұйымдарының қызметінде шоғырланған. Партияның жұмысын жаңғырту мақсатында Шымкент қаласында еліміздің оңтүстік өңіріне арналған форум өтті. БПҰ қызметін жаңғырту барысында жаңа тұжырымдама мен жобалар қабылдау жоспарлану. Тамыз айында өткен Шымкент қаласында өткен форумның негізгі мақсаты да осы болатын. Форум өте жоғары деңгейде өтіп, кеңейтілген түрде өткен жиында жаңа жобалар туралы ақпараттар ұсынылды.Осыған орай, ауданнан 4 делегат қатысқан болатын. Аталған форум Шымкент, Павлодар, Қарағанды қалаларында өтті. Қыркүйек айында Ақтөбе қаласында ұйымдастырылып, қорытынды форум Астана қаласында өткізілетін болады. - деді Т.Қанатов
Жиын барысында форумға қатысқан А.Арғынбаев, Т.Бисембаев, Ж.Әлішева өз ойларымен бөлісіп, толыққанды мағлұмат берді. Сонымен қатар, жиын барысында бастауыш партия ұйымдарының кабинеттері талқыланды. Әрбір БПҰ кабинетінде қажетті құжаттардың тізімі беріліп, назарға ұстау керек екендігінді ескертілді.
18 қыркүйек 2018 ж. 1 666 0