Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының іске асырылуына үздіксіз атсалысып келеді. Соның бір айғағы бүгін партия филиалының мәжіліс залында партияның «Сыбайлас жемқорлықсыз ел- өсіп өркендеуші ел» жобасы аясында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» бастауыш партия ұйымының төрайымы С.Жанназарова және аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері мен «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында сөз сөйлеген С.Жанназарова жас мамандарға сыбайластықтың ауыр қылмыс, қоғамның дерті онымен күресу баршамыздың міндетіміз екенін, жұмыс орнында қазақтың салтына сіңген сый - сияпат көрсету дәстүрлері сыбайластық көрінісі екенінде айта келе, алдағы халыққа көрсетілетін қасиетті қызметтеріне табыс тіледі.Дөңгелек үстелге қатысқан халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары өз кезектерінде бастауыш ұйым төрайымына алғыстарын білдіріп, айтылған ойлар мен берілген кеңестерді қаперлерінде ұстайтындықтарын жеткізді.
24 сәуір 2018 ж. 2 509 0