Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүйелі жұмысқа қолдау керек

Жүйелі жұмысқа қолдау керек

Жақында мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте жастан анықтап, оларды жалпы білім беру мектептеріне кіріктірудегі кейбір мәселелер жөнінде мектеп психологтары, дәрігер, логопедтер мен әлеуметтік қызмет жөнінде айқындаушы мамандардың, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.Қазіргі уақытта аудандық психологиялық – педагогикалық түзету кабинетіне 540 бала тіркелген. Оның 325-і қаладан, ал 215 бала ауылдық елді мекендерде тұрады. Оның ішінде 120 бала үйден оқиды. Ал, түзету кабинетінің көмегін 84 бала алуда. Бұл туралы аталған кабинет меңгерушісі Ж.Ибраимова айтып өтті.
Дөңгелек үстелде сөз алған №13 орта мектептің мұғалімі О.Шарипов инклюзивті білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке кіріктіре отырып, өздерін еркін сезініп, жүріп-тұруларына қолайлы жағдай жасау керектігін, №220 орта мектептің мұғалімі А.Сейілова арнайы түзетілген сыныптардағы білім берудің ерекшеліктері жайында, логопед А.Мамытова тілінде мүкістігі бар балаларды түзетуде логопедиялық пункттердің маңыздылығы жөнінде өз тәжірибелерін бөлісті. №262 мектеп- гимназияның психологы А.Тәжібаева, түзету кабинетінің сурдопедагог маманы З.Өтегенованың баяндамаларында өзекті мәселелер қамтылды. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге арнайы қатысқан аудандық психо-неврологиялық диспансердің психолог маманы Р.Прекешова қатысушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің әлеуметтік қызмет жөніндегі айқындаушы маманы А.Махатова мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін қызмет түрлері туралы, қала әкімшілігінің балалар мен 18 жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Р.Саянова
әлеуметтік қызмет алушы балалармен жасалынған жұмыс нәтижелері жайында қала әкімшілігінің балалар мен 18 жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік қызмет балалармен жасалынған жұмыс нәтижелерін жан-жақты баяндады.
Ал, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында шағын орталық ашқан дефектолог-логопед Б.Әшірбекова балалармен жасап жатырған жұмыс тәжірибесін ортаға салды.
Дөңгелек үстелде мүмкіндігі шектеулі балалардың түзету кабинеті мен №220 мектептегі арнайы сыныпқа қатынауларына көлік мәселесінен қиындық туып отырғандығы, логопед мамандардың тапшылығы және әрбір мектеп жанынан логопедиялық пункттер ашылса деген пікірлер айтылды. Аудандық білім бөлімінің маманы А.Жакебаев пен аудандық «Нұр Отан» партиясының өкілі бұл мәселелердің ескерілетіндігін айтып өтті.
(Өз тілшімізден).
30 қаңтар 2018 ж. 1 375 0