Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Замануи ғимараттарда білім алуда

Замануи ғимараттарда білім алуда

Жақында Президентіміз Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді саралаған актив жиынында облыс әкімі Қ.Көшербаев «Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, адами капиталды пайдалану мен дамытудың ең жоғары нәтижесі елдің азаматтарына білім берудің барлық мүмкіндіктерін беру арқылы қамтамасыз етіледі» деген еді
Соңғы жылдары облысымыз білім саласы бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Аймақ басшысының қолдауымен облыстық бюджеттен 39, 0 млн. теңге аудан мектептерінің 2, 5 және 7-сынып оқушыларын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етуге бөлінсе, дәл осындай қаржылай қолдау аталған сыныптарға аудан тарпынан да жасалынып, 19, 0 млн. теңге қаржы қаралуының өзі қолдаудың мол екендігін көрсетеді.
Ауданымызда қазіргі кезде апатты жағдайдағы мектептердің болмауы – үлкен жетістік. Аудан бюджетінен Жалағаш елді мекеніндегі №58 орта мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарының өзіне 9,7 млн. теңге бөлінген. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 20 мектепке бейнебақылау камераларының орнатылуы да ата-аналар үшін жағымды жаңалық болды.
Бұдан бірнеше жыл бұрын ауылдық елді мекендерде заманауи мектептер ғимараты бой көтереді деп ойламағанымыз рас. Міне, биылғы жылдың өзінде Үкілісай, Ерімбетжаға, Аққұлақ, Ескіұра, Құланды елді мекендерінде жаңа мектептер пайдалануға берілді. Ата-ана ретінде балаларымның талапқа сай, кең де жарық мектепте білім алып жатырғанына қуанамын. Ал, аудан әкімінің есепті баяндамасынан білгеніміздей, қалада 300 орындық №14 мектеп-лицейінің құрылысы басталып, Сексеуіл кентінде 300 орындық мектеп құрылысының жоба-сметалық құжатын әзірлеуге қаржы бөлінген. Осының бәрі ел болашағына деген қолдау мен қамқорлық.
Арманай Маймақова,
Аққұлақ ауылының тұрғыны.
30 қаңтар 2018 ж. 1 182 0