Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім берудің жаңа бағыты

Білім берудің жаңа бағыты

Білім мен ғылымды терең игерген ел­дің ғана әлемдік бәсе­ке­лес­тікке төтеп бере ала­тынын басты назар­да ұстаған Ел­басы қа­зақ­стан­дық бі­­лімді ха­лық­ара­лық стан­­дарт­тар­ға жа­қын­да­тып, сәйкес­тен­діру ба­ғы­тындағы жа­­ңа­­шыл қа­дам­дарға ерек­ше көңіл бө­ліп келеді.
Елбасының би­ыл­ғы «Төр­тінші өнер­кә­сіп­тік ре­волюция жағ­дайын­дағы дамудың жаңа мүм­кіндіктері» тақы­ры­бын­дағы Жолдауы да бі­лім саласын айналып өтпеді. Бүгінде әлем тех­нологиялық, экономикалық және әлеуметтік са­лалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басуда. Экономикамен қатар, оның негізгі тірегі болып табылатын адами капитал сапасын жақсарту, мұның ішінде білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өз­герістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту мәселесі сөз болғандығы осы ойымның дәлелі. 
«2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде  бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу, орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады» деген Елбасы біздің еліміздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғандығын ескерте келе, оны төмендету керектігін атап көр­сетті.
Сондай-ақ, мұғалім мәртебесін арттыру мақ­сатында білім берудің жаңартылған маз­мұ­нына көшкен ұстаздардың лауазымдық жала­қы­сын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процент­ке көбейтуді, сонымен бірге, 2018 жылы ка­те­го­риялар арасындағы алшақтықты артты­рып, мұ­ғалімдер үшін біліктілік деңгейін ес­ке­ре­тін категориялардың жаңа кестесін ен­гізу­ді тапсырып, категорияларды бүкіл әлемде қол­­да­нылып жүрген ұлттық біліктілік тест ар­қылы беру ке­рек­тігін айтты. Бұл–білім саласы қыз­мет­кер­лері үшін үлкен жаңалық, әрі зор жа­уап­кершілік.
Жаңаберген Аманжолов,
№83 орта мектептің директоры.
12 қаңтар 2018 ж. 2 872 0