Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы ең қымбат футболшы аталды

Қазақстандағы ең қымбат футболшы аталды

Алматылық "Қайраттың" 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев беделді Transfermarkt порталының бағалауына сәйкес Қазақстан құрамасының ең қымбат футболшылары рейтингінде көш бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлем бойынша футболшылар мен командалардың құнын бағалайтын сайт Қазақстан Премьер-лигасы ойыншыларының трансферлік құнын жаңартты.
Дастан Сәтпаев ішкі чемпионаттағы ең қымбат ойыншы мәртебесін растады. Оның құны - 3 миллион еуро.

Oл "Зениттің" Нұралы Әліпін және "Динамо" (Мәскеу) ойыншысы Бахтиёр Зайнутдиновты артта қалдырып, бұл көрсеткіш бойынша құраманың үздігі атанды.

Қазақстан құрамасының ең қымбат 10 ойыншысы:

    Дастан Сәтпаев ("Қайрат") - 3 млн еуро
    Бахтиёр Зайнутдинов ("Динамо" Мәскеу) - 2,8 млн еуро
    Нұралы Әліп ("Зенит" Санкт-Петербург) - 2,5 млн еуро
    Максим Самородов ("Ахмат" Грозный) - 2,5 млн еуро
    Ислам Чесноков ("Тобыл") - 1,2 млн еуро
    Әлібек Қасым ("Ақтөбе") - 750 мың еуро
    Әлібек Жұмаханов ("Елімай") - 600 мың еуро
    Ғалымжан Кенжебек ("Елімай") - 600 мың еуро
    Дамир Қасаболат ("Қайрат") - 600 мың еуро
    Ян Вороговский ("Астана") - 500 мың еуро

Сәтпаевтың құны неге артты?

Бұрын Transfermarkt Сәтпаевты 1,8 млн еуро деп бағалаған, енді бұл сома 1,2 млн еуроға өсіп отыр.

Мұндай бағаға Дастан мен оның командасының нәтижелері ықпал еткен сияқты: 17 шілдеден бері "Қайрат" Дастанның үлкен үлесінің арқасында тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты, ал жас шабуылшы онда 4 матч өткізіп үлгерді. 

Бұдан бөлек, алматылық клуб ішкі аренада да көшбасшы мәртебесін дәлелдеді, әрі "Астанаға" қарсы шешуші ойында команданы чемпион еткен голды дәл Сәтпаев соқты.

Жалпы биыл Сәтпаев 18 гол соқты (чемпионатта - 14, Чемпиондар лигасының іріктеуінде - 3, ел кубогында - 1) және 8 нәтижелі пас берді. "Гол+пас" жүйесі бойынша, ол 2025 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасының лидері атанды.

Фото: instagram.com/f.c.kairat

09 қараша 2025 ж. 55 0