Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде ойнайтын қазақстандық футболшы алаңға қашан оралатынын айтты

Ресейде ойнайтын қазақстандық футболшы алаңға қашан оралатынын айтты

Ресейлік "Ростов" пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов жарақатының салдарынан Еуро-2020 іріктеу кезеңіндегі Бельгия мен Сан-Мариноға қарсы матчтарға қатысқан жоқ. Футболшы алаңға қашан оралатынын айтты,  ҚФФ видеоблогына берген сұхбатында Зайнутдинов жақын арада жарақатынан толық айығатынын мәлімдеді.  Нұр-Сұлтандағы жаттығулардың бірінде Бахтиер бұлшықетін жарақаттап алған еді.  "Денсаулығым жақсы. Бір аптадан соң қайта жаттыға бастаймын. Бір-екі күнге Таразға барып қайтамын. 20 маусымда жиынымыз басталады", - деді Зайнутдинов.  Естеріңізге салсақ, Еуро-2020 іріктеу кезеңіндегі соңғы матчтарда қазақстандық футболшылар Бельгиядан 0:3 есебімен жеңіліп қалған, кейін Сан-Мариноны өз алаңында тас-талқан етіп жеңді - 4:0. 
https://kaz.tengrinews.kz
14 маусым 2019 ж. 663 0