ФУТБОЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ: РОНАЛДУДЫҢ ЖАЗАСЫ, АЗАР «РЕАЛҒА» ЖӘНЕ СУАРЕС ЖАРАҚАТЫ


Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубы «Реал» жартылай қорғаушысы Гарет Бэйлді қатарына қосуға құлықты емес. «МЮ» футболшының жас мөлшері мен нарықтық құнына байланысты оның трансферінен бас тартқан. «Қызылдар» Бэйлдің орнына жас ойыншылармен келісімге келуі мүмкін. 21 наурыз күні Астанада ЕУРО-2020 іріктеу ойындары аясында болатын Қазақстан – Шотландия кездесуін сербиялық төрешілер бригадасы төрелік етеді. Бас төреші қызметіне Срджан Йованович бекітілген. Оның ассистенттері қызметін Урош Стойкович пен Милан Михайлович, ал резервтік төреші қызметін Новак Симович атқарады. Матч 21 наурыз күні Астана уақытымен 21:00-де басталады.

«Бетиске» қарсы матч кезінде жарақат алған «Барселона» шабуылшысы Луис Суарестің жарақатынан айығуына 10-15 күн уақыт кетеді. Яғни, шабуылшы «Эспаньолға» қарсы матчқа қатыса алмайды. Сондай-ақ жарақат кесірінен уругвайлық шабуылшы ұлттық құрама кездесулерінен де шет қалмақ. Дегенмен ойыншы ЧЛ ¼ финалында «МЮ»-ге қарсы болатын кездесуге дейін жарақатынан жазылады деп болжануда. «Реал» лондондық «Челси» футболшысы Эден Азарды сатып алу бойынша алғашқы ұсынысты жасап үлгерді. Алайда «Челси» бұл ұсынысқа келіспеген. Мадридтік клуб бельгиялық ойыншы үшін 82 млн еуро ұсынған. «Челси» өз көшбасшысын Мадридке жіберуге қарсы емес, алайда тек ол үшін 100-120 млн еуро ұсынылғанда ғана келіссөздерді бастауға дайын. Азардың «Челсимен» келісімшарты 2020 жылдың 30 маусымына дейін жасалған. Биылдыққа Азар АПЛ-да 29 матчқа қатысып, 13 гол соғып, 11 нәтижелі пас шығарған.
Абай Қазбекұлы
aikyn.kz