БЭЙЛДІҢ «РЕАЛ» ОЙЫНШЫЛАРЫМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ НАШАРЛАП КЕТТІ

СҰХБАТ: БЭЙЛ ИСПАНИЯДАҒЫ ӨМІРІ, ЗИДАНМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ, РОНАЛДУДЫҢ КЕТУІ ЖӘНЕ АПЛ-ДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА Футболшының соңғы екі ойындағы әрекеті жанкүйерлердің көңілінен шықпаған. Соңғы матчта ол «Барселона» қорғаушысы Хорди Альбаның адымын аштырмауға жауапты болған. Алайда Бэйлдің тым сылбыр ойыны каталониялық команданың өткір шабуылдарының өрістеп кетуіне себепші бола берді. Осының әсерінен «Сантьяго Бернабеудегі» жанкүйерлер де жартылай қорғаушыға реніш танытып, қайта-қайта ысқырумен болды. Ал Бэйл алаңнан кетіп бара жатқан кезде ысқырық тым үдей түскен.
Оның позициясында Жуниор Винисиус жақсы ойын көрсетіп жүр. Соңғы екі «Эль-Классикодағы» жас бразилиялықтың қарымды ойыны, бірнеше мығым соққысы оның Бэйлмен бәсекелестікте жоғары тұра алатынын байқатқандай. Осы себепті де жазда «Реал» басшылығы Бэйлді трансферге қоюды жоспарлап отырған көрінеді. «РЕАЛДЫҢ» БҰРЫНҒЫ БАПКЕРІ БЭЙЛДІ ИСПАН ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ШАҚЫРДЫ (ВИДЕО) Ал Бэйл болса өзінің орнына алаңға Лукас Васкестің жиі шығатынына наразы екен. Еске салсақ, футболшы биыл Испания чемпионатында 21 ойынға қатысып, 7 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Оның «Реалмен» келісімшарты 2022 жылға дейін жарамды.
Абай Қазбекұлы.
aikyn.kz