Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдік ала доп аясында ауыс-түйіс бола ма?!

Әлемдік ала доп аясында ауыс-түйіс бола ма?!

1. Хамес Родригес, «Бавария» Колумбиялық ойыншы бүкіл футбол мансабында бапкерлермен күресіп келеді. Рафа Бенитес, сосын Зинедин Зидан, енді Нико Ковач. Жақында Хамес пен бапкер тағы да шекісіп қалыпты. Хамес «Баварияны» осы қыста тәрк ететінін айтқан болатын. Ол Ковач қол астында доп тепкенді қаламайды. Колумбиялықтың мюнхендіктер клубымен 2019 жылдың жазына дейін түзген келісім шарты бар. Бірақ футболшы маусым басында-ақ командаға керек болмай қалды. Енді ол «Реал Мадридке» немесе «Арсеналға» барады деп күтілуде.
2. Оливье Жиру, «Челси» Қысқы трансфердің соңғы күндерінде «Челсидің» бапкері Сарри шабуылшыларға қарсы сынын айтты. Ол Азар шабуыл сызығында ойнау арқылы басқа ойыншыларға кедергі келтіріп жатқандығын, клубқа Игуаиннің келуі Оливьеге зиян келтіретінін айтқан болатын. Маурисио Сарри Жируды негізгі құрамда көруді қаламайды. Сондықтан оны қытай клубтарының біріне сатпақшы. Ал футболшының өзі болса мансабын Англиялық клубтардың бірінде жалғастыруды немесе Францияға қайтуды қалайды.

3. Эден Азар, «Челси» Бельгиялық футболшы «Реалда» ойнауды армандайтынын жасырмайды, бірақ Куртуа сияқты сол арманына ұмтылмайды. «Реал Мадрид» соңғы уақытта жаңа ойыншылар сатып алу үшін қомақты қаржыға шығынданудан бас тартып жүр. Ал Азардың лондондық клубпен арадағы келісім шартының бітуіне 1 жылдан артық уақыт бар. Егер клуб ойыншыны сатқысы келсе биылдан қалдырмағаны жөн, әйтпесе келесі жылы ол кез келген клубқа тегін кетеді. Сарри «Бортмунтпен» өткен ойыннан кейін: «Азар 28 жаста. Клубтан кеткісі келсе биылдан қалмағаны жөн», – деді. Иә, Азар қартайып бара жатыр. 30-ға келіп қалған ойыншыны болашақта «Реал» сияқты мықты топ клубтар сатып алуға тәуекел жасамайды.

4. Янник Феррейра Карраско, «Далянь Ифан» Қытайдағы оқиғалар: төбелесу мен полиция тергеуінен соң, Каррасконың бұл мемлекетте қалғысы келмейтіні анық. Егер ол «Далянь Ифан» клубынан кетемін десе, қазір дәл уақыты. Себебі 1 айлық қысқы демалыс кезінде қытайлық клуб оны ұстап қала алмайды. Карраскоға «Интер» клубынан ұсыныс түсті деген хабарлар таралған болатын, соңғы уақытта «Арсеналдың» оған қызығып жатқандығын БАҚ өкілдері жарыса жазуда.

5. Месут Озил, «Арсенал» Германия ұлттық құрамасынан кеткеннен бері футболшының ойыны жүрмеуде. Озил лондондық клубтың жаңа бапкері Унай Эмеримен де келісе алмай келеді. Ол соңғы уақытта негізгі құрамға шықпай жүр. Сондықтан футболшы негізгі құрамда ойнайтын басқа клубты іздеуі қажет. Жарақат алған Неймарға орынбасар ретінде «ПСЖ» клубы оған ұсыныс тастағанымен, Озилдің франциялық клубқа өткісі келмейтіндігі мәлім болды.

Еске сала кетейік, Месут 2018 жылы мамырдың 14-і күні тағы бір Германия құрамасының ойыншысы, ұлты түрік Илкай Гюндоганмен бірге Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесіп, суретке түскен болатын. Дау Гюндаган Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға өз жейдесіне "Менің құрметті президентіме" деп жазып сыйлыққа бергенен кейін басталды. Бұл әрекет неміс журналистері тарапынан қатты сынға ұшырап, Месут ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеген еді.
syr-media.kz
04 ақпан 2019 ж. 1 324 0