Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Реал" бас жаттықтырушысын қызметінен босатты

"Реал" бас жаттықтырушысын қызметінен босатты

"Реал" футбол клубы бас жаттықтырушы Хулен Лопетегиді қызметінен босатты. Бұл туралы мадридтік команданың ресми сайты хабарлады.

Испандық маманның жұмысына клуб президенті Флорентино Перестің, тіпті жанкүйерлердің де көңілі толған жоқ. Команда ла лигада соңғы үш ойында да жеңіліс тапты. Тіпті эль-класикода "Барселонаға" 5:1 есебімен ұтылғаны - бас жаттықтырушыны тағынан тайдырғандай...

Эль-класико: "Барселона" "Реалды" 5:1 есебімен ұтты

52 жастағы Хулен Лопетеги "корольдік клуб" тізгінін осы маусым басында-ақ ұстаған еді. Оған дейін команданы Зиннедин Зидан жаттықтырып келген. Үш жыл қатарынан Чемпиондар лигасында топ жаруына септігін тигізді. Хулен Лопетеги болса, "Реалды" бар болғаны 14 ойынға ғана бастап шықты. 6 рет жеңіске жетіп, 2 ойында тең түсіп, 6 рет ұтылған.

Жаттықтырушы 4 айдың ішінде екінші рет қызметінен қол үзіп қалды. Естеріңізде болса, әлем чемпионаты басталуына бірер күн қалғанда Испания құрамасын бастап барған Хулен Лопетеги "Реалмен" келісімшартқа қол қойғаны үшін қызметінен кеткен болатын.

Мадридтік клубты уақытша "Кастилья" жастар командасының бас маманы Сантьяго Соларижаттықтырады. Аргентиналық маман 2000-2005 жылдар аралығында "Реалда" ойнаған футболшы.

Қазіргі таңда Испания ла лигасында Х турдан кейін "Реал" 14 ұпаймен 9-орында келеді. Команда тізгінін италиялық маман Антонио Конте ұстауы мүмкін.

massaget.kz​​​
30 қазан 2018 ж. 1 383 0