Қазақстандықтар Барбадос елінде 28 күнге дейін визасыз жүруге құқылы

Іс-шара барысында Қазақстанның Канададағы Елшісі – Кариб қауымдастығы (КАРИКОМ) жанындағы Өкілетті өкілі Константин Жигалов және Барбадостың Канададағы Елшісі Ивона Уолкс ресми қарым-қатынас орнату үдерісінің аяқталуын құптады. Бұл мәселе екі елдің БҰҰ, Кариб мемлекеттері қауымдастығы және КАРИКОМ аясындағы тұрақты диалогы барысында пысықталып келді. Сондай-ақ Барбадос Астанадағы халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне КАРИКОМ-ның біріккен павильоны құрамында қатысты.
«Барбадос Кариб бассейніндегі белгілі туристік бағыттардың бірі болып табылады және Солтүстік Америка мен Еуропаның ірі әуежайларымен әуе қатынасы бар. Барбадос Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, Қазақстан азаматтары бұл елдің аумағында 28 күнге дейін визасыз жүруге құқылы», - делінген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасында.