Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ қазақстандықтардың виза алу шарттарын жеңілдетпекші

АҚШ қазақстандықтардың виза алу шарттарын жеңілдетпекші

АҚШ қазақстандықтардың виза алу шарттарын біртіндеп жеңілдетуді жоспарлап отыр. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролдың мәлімдемесін ҚазАқпарат агенттігі жарияланды.

“АҚШ-тың виза саясаты Америка үкіметіне, мемлекеттік департаментке және көптеген агенттіктерге қатысты. Біз қазақстандықтардың Америкаға кіруін, виза алу шарттарын жеңілдеткіміз келеді. Қазір біз 10 жылға дейін виза береміз. Бұған дейін виза ашу тек 5 жыл ғана болатын. Одан әрі қарай тағы қандай жеңілдік жасауға болатынын қарастырамыз. Мен АҚШ пен Қазақстан арасында визасыз жүре алу мүмкіндігі қашан болатынын нақты білмеймін. Бірақ менің ойымша, ол күн де алыс емес. Біз біртіндеп виза алу мәселесін кеңейтіп жатырмыз», – деді АҚШ елшісі баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, бұған дейін елбасы Вашингтонға ресми сапармен барған болатын. Назарбаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп арасындағы кездесуден кейінгі брифингте Қазақстан америкалықтар үшін визасыз режім енгізгенін және олардан да осындай жауап күтетінін айтқан.
«Қазақстан Америка азаматтарының біздің елде визасыз жүре алатынын мәлімдейді. Бізде сіздерден оң жауап күтеміз», – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.
02 ақпан 2018 ж. 1 865 0