Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Нұрлан Әлімжан Әйкерім Қалаубаевамен қарым-қатынасы жайлы ашық айтты

Нұрлан Әлімжан Әйкерім Қалаубаевамен қарым-қатынасы жайлы ашық айтты

Нұрлан Әлімжан мен Әйкерім Қалаубаева бірге бейнебаян түсіріп, түрлі кештерді жүргізетіндіктен оларды жұртшылық жұптастырып та қойған. Қос өнер иесінің соңынан алып-қашпа әңгіме көп ерген. Бірақ Әйкерім Қалаубаева бұл қаңқу сөздерді жоққа шығарып, Нұрланмен дос екенін айтқан болатын. Актер Нұрлан Әлімжан да «Түнгі студия» бағдарламасында қонақта болып, Әйкеріммен қарым-қатынасы жайлы ашық айтты.


 
«Әйгерім аяқ басып жүріп жатыр, мен де солай. Екеуміздің арамызда достық махаббат. Әйгерім 16 жаста болғанда, мен 17 жаста болғанмын. Сол кезде рухани дос, тілеулес болатынбыз. Әйгерімнің досы көп. Ол менің досым, кейде сынаушым. Нұрлан, ана бейнебаяныңда былай істеу керек еді, киімің дұрыс болмапты деп айтып отырады. Мен қыз бен жігіттің арасында достық болмайды деп ойлайтынмын, сөйтсем болады екен»- дейді актер.
reactor.inform.kz​​​
09 қазан 2018 ж. 2 686 0