Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та қазақстандық азамат қаза болды

АҚШ-та қазақстандық азамат қаза болды

АҚШ-та 46 жастағы Нұрлан Нөгербеков есімді қазақстандық ер адам жол апаты салдарынан көз жұмды.

Нұрлан Нөгербеков АҚШ-тың Огайо шатының оңтүстік-батысындағы Цинциннати қаласында жол апатына ұшыраған, деп хабарлайды Facebook желісіндегі Kazakh American Association тобына сілтеме жасап Stan.kz.
WLWT.com порталының мәліметінше, қазақстандық ер адам 5 наурыз күні сағат 18:20-да жол апатына тап болған. Ол көлік тізгінінен ие бола алмай, автокөлік жолдан шығып кеткен екен. Салдарынан көлік бетон қақпаға соғылған. Мұнан кейін көлік өртеніп кетіпті.
Ал көлікті тізгіндеген Нұрлан Нөгербеков ауруханада көз жұмыпты.
Ендігі хабарлама марқұмның денесін Таразға жеткізе алмай отыр. Олар көпшіліктен көмек сұрауда.
«Нұрлан – қайырымды әке және күйеу, қымбатты бала, бауыр. Ол бәріне жақсы дос бола білген. Оның денесіне елге алып келіп жерлеу үшін, туыстары ақша сұрайды. Қазақстан елшілігі оның денесін жеткізуге көмектесуге дайын. Бұл орайда көпшіліктен үлес қосуын немесе осы сілтемені бөлісуін сұраймыз. Сіздердің кез-келген әрекетіңіз Нұрланның отбасына жасаған жақсылығыңыз», – деп жазылған хабарламада.
08 наурыз 2018 ж. 1 138 0