Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ақбота Керімбекова: Ұлымның сүйікті қызы үйге келіп шаруаға көмектесіп тұрады

Ақбота Керімбекова: Ұлымның сүйікті қызы үйге келіп шаруаға көмектесіп тұрады

Үшінші күйеуімен де ажырасып кетті деп ел аузында басы дауға қалған Ақбота Керімбекова өзі мен отбасы жайлы айтып берді.



Бұл туралы The Эфир бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz жазады.

Әнші өзі мен отбасы жайлы айтты. Үш ұлының ер жеткенін сөз етті. Тіпті, жақында келін алатынын жасырмады.

“Үш ұлым тез ер жетіп кеткендей. Ұлдарымды анам бақты. Үлкен ұлым 19 жаста. Сырласып, жеке өмірі жайлы сұрап қоям. Сүйікті қызы бар. Таныстырып қойған, үйге келіп, шаруаға көмектесіп жүреді. Бұйырса, келін қыламыз ба деп отырмыз. Бірақ, ол ананың келіні. Анам менен ұлдарымды да, келінерді де қызғанады. Әлі шөбере бағам деп отырады, – дейді әнші.

Ақбота тек екінші ұлының өзіне ұқсағанын, үлкені үйленгенімен келініне өз анасы ене болатынын айтып өтті.

“Маған ене болуға кезек келген жоқ. Үлкен ұлым әжесінің баласы. Келінді де өзім қолға алып, өзім жұмсаймын деп отыр, – дейді әнші.

Ақбота түймедейді түйедей етіп жазатын журналистер мен тыңдармандарына деген өкпесін айтты.

“Соңғы кезде Ақбота үшінші күйеуімен ажырасып кетіпті деп әңгіме тарады. Мен жай ғана ұрысып қалғанымды айтқан едім. Тыңдармандар арасында да семіріп кетіпті, сымбатын жоғалтқан, киім жақсы-жаман деп жатады. Айналып келгенде, не істеймін, не қоям өзі өмірім, өзі білем. Тыңдармандар, тек менің әнімді ғана тыңдаңыздаршы. Жеке өміріме қатысты айтарым –  Аллаға шүкір мен бақыттымын, – дейді әнші.
http://reactor.inform.kz/​​​
19 мамыр 2018 ж. 2 965 0