Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Баян да, Ақбота да өздері кетті: Дәурен Айдарқұлов жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді

Баян да, Ақбота да өздері кетті: Дәурен Айдарқұлов жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді

Бірнеше мәрте отау құрып, ажырасқан Дәурен Айдарқұлов жеке өміріне қатысты сұрақ туса, әдетте үнсіз қалатын. Бірақ белгілі әзілкеш бұл жолы еңбек жолы туралы, өз өміріне қатысты барлық сұраққа жауап берді. Ол желідегі парақшасында оқырмандарының кез-келген сұрағына ашық жауап беріп, жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ашық сұрақ-жауап өткізген актерге көп сұрақ қойылған. Бірі оның еңбек жолына қатысты сұрақ қойса, екіншілері әдеттегідей жеке өміріне қызығушылық білдірген. Айдарқұлов тіпті, жай ғана өзінің көңіл-күйін сұраған оқырмандарына да «сәлем , жақсы, рахмет» деп жауап берген.
Актер желі қолданушының сүйікті фильміңіз қандай? Фильмде қандай рөлді сомдағыңыз келеді? деген сұрағына «Иван Васильевич өз мамандығын өзгертеді» атты филмді жақсы көремін, деп жауап берген. Сондай-ақ, ол бір актер әртүрлі кейіпкерлердің рөлін сомдайтын фильмге түсікісі келетінін жазған.
«Сәлеметсіз бе! Не істеп жатырсыз? Отбасыңыз туралы айта кетсеңіз. Барлығына қызық сұрақ осы деп ойлаймын?! Ақботамен бірге тұрасыз ба? Қайсы отбасыңызбен тұрасыз? Ақботаны неге тастап кеттіңіз»,-деген сұрақтар қойылған.
«Сәлеметсіздер ме, қазір үлкен ұлыммен ойнап жатырмын. Жоқ, бірге емеспіз, бірақ жақсы араласамыз. Өкінішке орай екеуімен де бірге тұрмаймын. Екі отбасыммен де тұрғым келді, бірақ болмады. Ақботаны тастаған жоқпын. Ондай ой да болған жоқ. Баян да, Ақбота да өздері кетті»,-деп ашық жауап берді Айдарқұлов.
Оқырмандардың көпшілігін актердың бірінші әйелімен не үшін ажырасқаны және Ақботаға қандай себеппен үйленгені қызықтырған. Сонымен қатар, ол басқа әйел алу туралы әзірге ойламайтынын да айта кетті.
«Басты себебі – шын ғашық болғанымызда. Сондай-ақ, өзіміз бала болғанын қаладық, және сол баланың некесі қиылған жанұяда келуін қаладық»,-деді актер.
Сондай-ақ, белгілі әзілкеш оқырманның бірінші әйеліңізге қайта оралғыңыз келе ме деген сұрағына балалар үшін қосылуға болар еді, деп жауап берген.
«Балалар үшін болар еді. Бірақ менде Баян секілді қарым-қатынасты қалпына келтіруді қаламаймын. Басымнан өткен оқиғаларға өзім кінәлімін. Жақсы болсын, жаман болсын-бәрі өзімнен»,-деген Айдарқұлов.
«Ақботаға қазіргі таңда мансап маңыздырақ болып тұр. Ал сізге басынан орамалын тастамайтын, етегі жабық көйлек киетін, иманды әйел керек. Ақбота оған әлі дайын емес сияқты, жас қой әлі. Ғаламтордан оқып қалдым. Ақбота сіз хиджаб кігізгісі келді дейді, сол распа»,-деген сұрақ қойды оқырмандар.
«Жабық киінуді қалаймын дедім, бірақ “Киесің” деп айтқан жоқпын»,-деп жауап берді актер.
Дәуренге Ақботамен бірге тұрғаныңызды қалаймын! Бота қарсы болмаса қайта қосылар ма едіңіз? Ақбота өте жақсы қыз деген сұрақтар да қойылған. Ал Айдарқұлов оқырманның бұл сұрағына “әлі күнге дейін қосылайық деп жүрмін” деп жауап жазған екен.
Екі әйел алып басы дауға қалған актердің өзіне қойылған сұрақтарға ашық жауап бергеніне оқырмандар алғыс білдіруде. Ал кейбіреулері, оған қолдау көрсетіп, бәрі өткінші екенін айтып, жұбатуда.
«Бұл сіздің жеке өміріңіз, оған ешкімнің араласуына құқығы жоқ және ешкімге жауап беруге міндетті емессіз. Сіз дүниеге келгенде, есіміңізді қойған кезде пешенеңізге тағдырыңыз жазылады. Жазғаннан қашып құтыла алмайсыз. Ең бастысы деніңіз сау, аман болыңыз. Алда әлі бақытты күндеріңіз көп болсын.Ұл-қыздарыңыз аман болсын, ата-анаңыз аман болсын. Бұл өмір сынақ екенін ұмытпаңыздар»,-деп қолдау көрсеткен желі пайдаланушы.
«Дәурен жарайсың, барлық сұраққа жауап беріп отыр, күшті. Дәуреннің өзісіз бе? Басқалары халықтың арқасында шалқайып отырса да, халықты адамсынбайды гой. Алла разы болсын! Бұйырғаны болар, еш қамықпа. Барлық сұраққа жауап бергенің адамгершілігіңнің бар екенін көрсетіп отыр. Қарапайым, ақкөңіл жан екенсіз»,-дейді оқырмандар.
«Сіздің жауаптарыңызды оқып, риза болып отырмын. Бұрын сіз жайлы қате пікірде болған екенмін. Жарасыз, өте ашық, шыншыл адам екенсіз. Бастысы, бала-шағаңыздың қызығын көріңіз. Сізге екі өмірдің де бақытын тілеймін»,-дейді басқалары.
Stan.kz
10 мамыр 2018 ж. 2 101 0