Ғалымдар бүкіл әлем халқына ортақ тілді тапты

Ғалымдар зерттеуіне әлемнің 60 елінен 750 интернет қолданушылары қатысқан. Қатысушыларға белгілі бір әуеннің үзіндісін кездейсоқ таңдау арқылы тыңдатқан. Ұсынылған әндер тізіміне көптеген елдер мен мәдениетке тиесілі туындылар кірген.
Зерттеуге қатысушыларға әуеннің қандай жанрға (ән, бесік жыры) жататынан туралы сұрақ қойылған. Мұнан кейін олар өз көңіл-күйін айтқан. Қолданушылар көптеген әуеннің қай елдің мәдениетіне тиесілі екенін білмесе де, жанры мен сипатын дәл тапты.