Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім саласы басты назарда

Білім саласы басты назарда

Қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгі болуы үшін республика көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы осыған айқын дәлел. Бүкіл қазақ қоғамынан қолдау тауып, сол Жолдауда қойылған басты міндеттердің орындалуы мемлекетті жасампаз, дамудың даңғыл жолын салушы ел ретінде танытады.
Тәуелсіз қазақ елінің азаттығы мәңгілік болуы үшін біз болашақтың іргетасын берік қалауымыз қажет. Болашақтың басты кілті – бүгінгі жастар. Білімділігі мен білгірлігі қатар жетілген жас буын мемлекеттің тұғырын биіктетіп, мәртебесін көтереді.
Ал, ол үшін біз – жастар не істеуіміз керек? Әрине, ұлт көшбасшысының болашаққа бағдар берер міндеттерін мінсіз орындауымыз қажет. Білім саласына берілген басымдықты пайдалана отырып, мемлекет тарапынан жасалған қолдаудың арқасында білім көкжиегін кеңейтіп, қадірлі кадр ретінде қалыптасуымыз алғашқы орында болғаны жөн. Бәсекеге қабілетті қазақ қоғамын қалыптасыру үшін барлық жастағы азаматтарға білім беру осының бастыны негізі дер едім.
Сәт санап дамып, кешегі жаңалықтың өзі бүгін ескіріп қалып отыратын өзгеруге бейім ғылым мен технологияның тілін де жетік білу бүгінгі жастардың алдында тұрған басты міндет. Жаңашылдықты жат сынбай, игере алған маман ел игілігі үшін елеулі үлес қосары ақиқат. Сол себепті, биылғы Жолдауында Елбасы мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін және өз бетінше оқу машығын қалыптастыратын бағдарлама енгізу мен мектеп қабырғасындағы оқушылар үшін жаңартылған білім мазмұнына көшуді тағы да баса айтып өтті.
Сондай-ақ, әлем елдерімен терезесі тең қазақ халқының ұрпақтары өзге тілді де еркін меңгеру жайы назардан тыс қалмайды. Жаһандық жаңалықтармен сусындап, оны өз пайдасына асыра алу үшін бұл үлкен мүмкіндік. Көптілділік тыңнан соғылған түрен емес. Ертеден-ақ лайықты бағасын алған тәжірибе десек артық айтқандық демеймін. Барша Шығыс елдері үшін ортақ тұлға саналатын Әл-Фараби бірнеше тілді қатар меңгергендігінің арқасында сан ғасыр бойына сабақ болып келеді емес пе?!
Иә, әлем мойындаған ғұламалары мен ғалымдары бар біздің елден әлі талай тұлғалар шығарына сеніміміз мол. Білім алуға мүмкіндік көп, мемлекет тарапынан қолдау да жетерлік. Ендігі міндет қолда тұрған «алтынның» бағасын біліп, нұрлы болашаққа нық қадам басу ғана. Біз осы жолда ел игілігі үшін ерінбек еңбек етуге әрқашан да дайынбыз.

Қ. Қалекешова,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің 3 курс студенті.
25 қаңтар 2018 ж. 1 698 0