Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бәсекеге қабілеттілік – басты міндет

Бәсекеге қабілеттілік – басты міндет

Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында.
Қазіргі таңда әлем елдері арасында бәсекелестік өте жоғарғы деңгейді. Соған байланысты ел экономикасының өсу деңгейі де нәтиже беріп келеді. Міне, осыны басты ұстаным еткен Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бәсекеге қабілеттілікті арттыруды басты назарда ұстап отыр.
Тәуелсіздігіміз қолымызға тигелі бері арқарылған ауқамды істер көп. Соның бірі осы аталмыш бағыттағы үлкен жобалар деген болатын.
Барша халыққа осы басымдылықты пайдалануға зор мүмкіндік жасалуда. Қазіргі уақытта берілген мүмкіндікті барынша пайдаланып, іс жүзінде көрініп жатқандардың да қарасы жыл санап артып келеді.
Бұл тек өндірістік бағытта ғана емес, мәдениет, білім, технология саларында да белең алып келе жатқан даму үдерісі. Санаулы ғана жиырма бес жылдың ішінде адам танымастай дәрежеге жеткен біздің мемлекеттің мақсаты айқын, даму жолы ерекше.
Осы орайда дамудың дербестігімен қатар ұлттық болмыс пен бірегейлікті де назардан шығармадық. Үздік елу елдің қатарында Қазақстан еңсесі тік егемен ел ретінде танылды.
Елбасымыздың көреген шешімдері мен сындарлы саясатының арқасында қазақ елінің әлі талай асуларды бағындыратынына сенімдіміз. Тәуелсіз қазақ елінің көк туы көкте желбіреуіне жұмылған жұдырықтай үн қосу баршамыздың басты борышымыз.

Ғ. Қосбармақова,
қала тұрғыны.
09 қаңтар 2018 ж. 1 545 0