Жемқорлықты бірлесе жоямыз
Қай кездерде де сыбайлас жемқорлық үлкен мәселеге айналған. Яғни, бұл кесел небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіптің бірі.
Иә, жемқорлық әлем елдерін де айналып өтпеді. Соның ішінде қазақ қоғамында да жиі кездесетінін жасыра алмаймыз. Бүгінгі таңда жең ұшынан жалғасқан әрекет «күлшелі бала сүймекке жақсының» өзі болып отыр. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің де экономикамыздың өркен жаюына зор нұқсан келітіріп қана қоймай, билік пен халық арасындағы көпірдің әлсіреуіне сеп болуда.
Оңай олжаға құныққандарға тосқауыл қою ортақ міндет екенін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әр жылдардағы жолдауыларында жиі айтып келеді. Соның бір дәлелі ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асыру міндеті еді.
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықтың ең көп кездесетін түрі-парақорлық. Ол, билік пен басқару органдарының беделін төмендететін бірден бір жағдай. Және де бұл үлкен қылмысқа барша қоғам мүшелерінің қатысы бердей деңгейде. Пара ұсынушы мен пара алушылардың да ісін заң жүзінде қылмыс деп тану оның жолын кесу мен алдын алудың тиімді жолы. Қазірде осындай жағдайды кездестіріп, куәгері бола қалған жағдайда сіздің қоңырауыңызға жауап беруге дайын сенім телефондары орнатылған. Жедел әрекет жасаушы осы топтың да тыңғылықты тындырып отырған жұмыстарын атап өтпеске болмайды. Сондықтан, тек атқарушы органдар мен мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, әрбір Қазақстан азаматы сыбайластықтың алдын алуда бұдан да басқа зор мүмкіндіктерге ие.
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»-дейді қазақ. Рухани жаңғыру үстендегі болашаққа сеніммен қарайтын Қазақстанның ертеңі үшін адами қалып-парасат биігінен көріне білуіміз қажет.
З. Айтжанова,
Қызылорда облысы әділет департаментінің Арал аудандық әділет басқармасының басшысы.