Бәсекелестік қабілет-биікке өрлеудің баспалдағы

...Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар-ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы,-деген болатын. Демек бүгінгі бәсекелестік қабілет біздің биікке өрлеуіміздің басты баспалдағы болмақ. Біз сол арқылы дамушы елдердің санатына еніп, елдіктің озық үлгісін қалыптастырамыз.
А. Көшекбаева,
«Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығы
РММ-нің экотуризм маманы.