Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық сананы сілкінтті

Ұлттық сананы сілкінтті

Үстіміздегі жылдың алғашқы айларында жарық көріп, ұлттық сананы жаңғыртқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қазіргі таңнан, осы кезге дейін қоғам тарапынан қызу қолдау тапты. Әлі де солай бола беретініне еш күмәніміз жоқ. Нақтырақ тоқталсақ, Ұлт Көшбасшысының салиқалы ойы көптің көкейіне қонды. Үнемі айтылуға тиіс мәселеге айналды. Яғни, мазмұны бөлек мақала заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің қастерлі қағидасымен үндесті.
Иә, қазақ әдебиетінде шоқтығы биік тұлға «ұлттық мәселені қайта-қайта айта беруіміз керек» деп кейінгі буынға өсиет қалдырған. Ал, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «...Егер жаңғыру елдің ұлттық рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күні мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы мен халқымның тағылымы мол тарихымен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діні ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын»,-деп ғасырдағы ұлттық сана туралы кеңінен ой қозғады.
Расында да, еліміздің ширек ғасырдан астам жылдардағы табысты жолы бабалар ізімен сабақтасты. Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып жеткен ұлттық құндылықтарымыз жан-жақты дәріптелді. Мақсатымызды айқындап, бағытымызды белгілеген Президентіміз бір замандардағы бейтарап республиканы аз жылдардың ішінде жаһанға танытты. Бәсекеге қабілетті болудың алғышарттары  күн тәртібінен түспей, жасампаздыққа ұмтылудың нақты қадамдары жасалды. Бұл ретте де, Ұлт Көшбасшысы салиқалы саясатымен ерекшеленіп, отандастарын жүрісі жылдам дәуірге ілесуге үндеді. Жастарымыздың ой-танымын кеңейтуге ықпал жасап, білімнің жаппай салтанат құруына жол ашты.      
 Ендеше, біздер де жаңғыруды тереңірек ұғынып, ішкі ұмтылыстың дамуға бастайтынын шынайы сезінуге тиіспіз.
Жанар Рзағазиева,
№2 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының мұғалімі.
21 желтоқсан 2017 ж. 1 596 0