Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы

Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай депутаттар мен қоғам қайраткерлерінің пікірлері.
Мырзатай Жолдасбеков, Мемлекет және қоғам қайраткері:
-Қасиетті Ұлытаудың етегінде, Әулиелі бақтың басында жайғасып отырып, тұңғыш рет Елбасы тәуелсіздік алғалы өзінің халқымен, туған ұлтымен сырласып еді. Бұл жолы Елбасы ендігәрі не нәрсе мән беруіміз керектігін кеңінен толғайды. Елбасының балалардың көбі ата тарихынан, ата дәстүрінен алшақтаңқырап кеткені туралы айтқаны есімде. Елбасымыз цифрлы Қазақстан, үштілділік, конфессияаралық келісім төңірегінде ой өрбіткен.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұл экономикалық, саяси жаңғырудан кем түспейтін, тіпті маңызы жағынан солардан кейбір аспектілері бойынша жоғары тұратын нәрсе. Мұны ұлттың жаңғыруы ретінде қарастыру керек.
Сауытбек Әбдірахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Ең алдымен Президенттің мақаласындағы ең соңғы сөйлемге назар аударғым келеді. Ол сөйлем өмір сүре білу үшін өзгере білу керек, өзгере білмеген халықтар, тарихтың шаң-тозаңында қалады деген. Президент «Туған жер» бағдарламасын жасап, туған ел ұғымына айналдыру мәселесін қойып отыр. Киелі жерлердің атласын жасау жөнінде мәселе қойып отыр. Осының барлығы ұлттық модернизацияға серпін беретін болады.
Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты
-Елбасы экономикалық реформаларды жариялады. Саяси реформаларға да кірісіп кеттік. Ал енді мынау рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. Шынында бүгінгі таңда біздің халқымыз үшін ежелден келе жатқан біздің салтымыз бен дәстүріміз, мәдениетіміз – біздің ұлттық кодымыз.
Уәлихан Қалижан, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры:
-Осы мақаладан кейін бізге жаңа ой келіп отыр. Біз 100 томдық авторлық әдебиетті шығаруды қолға алмақшымыз. Өйткені бұл би-шешендеріміздің, сал, серілеріміздің, жазба  әдебиетіміздің бүгінгі күнге дейінгі шығармашылығын халыққа жеткізуді көздейміз. Енді осының негізінде ғылыми жоба жасап, оны болашақта жаңа ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану керек.
Ерлан Сыдықов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры:
– Еліміздің бәсекелесе отырып, дамыған 30 елдің қатарына қосылу кезіндегі рухани байлығымыздың үлесін көбейтуіміз керек. Оны күшейту керек. Өйткені бәсекеге қабілетті болу тек қана экономикаға байланысты емес. Біз құрған қазақ мемлекетіның, яғни біздің мыңдаған жылғы тарихымыздағы құндылықтардың барлығы біздің бойымызда болуы керек.
20 желтоқсан 2017 ж. 2 113 0