Тәуелсіздігімізді бекемдейді

Тәуелсіздік туралы үнемі, үздіксіз, келер ұрпаққа айтып жүру-міндетіміз. Ол-тарихқа көрсетілер ілтипат емес, қоғам, әрбір саналы азамат үшін, тәуелсіздіктің құнын, бүкіл өміріміздің ең қасиетті құндылығы екенін естен шығармай, көздің қарашығандай сақтау үшін қажет. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол-әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Кез келген қоғамда адамдардың рухани және мәдени дамуы мен жетілуі жағдай туғызған да ғана сол қоғамның дамуы орнықты болмақ. Демек, елдің келешегі өскелең ұрпақтың қолында екендігін ескерсек, білім мен тәрбиеге баса мән беру керектігі Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қамтылған. Ол ХХІ ғасырдағы ұлттық өзіндік сананы жаңғартудың маңызды бағыты жеке деңгейде де, қоғамдық деңгейде де бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму және сананың ашықтығы. Басты мақсат еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, халықтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу,оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу. Қазіргі таңда ауданымыздағы кітапхана қызметкерлері тәуелсіздік жылдарының шежіресін насихаттау мақсатында «Тербет елді, тәуелсіздік ұраны!», «Тәуелсіздік-баға жетпес байлығым», «Тәуелсіздік-ел мұраты», «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік», «Елімнің бақыты тербеткен-Тәуелсіздік», «Тәуелсіздік тарихы-тағылымдық тарих», «Тәуелсіздік-бар бақыттың бастауы», тағы да басқа тақырыптардағы мерекелік кеш, тарихи танымдық сағаттарды өткізу үстінде. Мақсаты-түрлі тақырыптағы кітап көрмелерін оның ішінде, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жарық көрген рухани мұраларын оқырманға таныстыру еді. Алдағы уақытта да еліміздің егемендігін еңселі ету жолында тындырымды жұмыстар атқарыла бермек.
Маржан Күнжанова,
аудандық орталық кітапхананың бөлім меңгерушісі.
Пікір 1