Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандар неліктен смартфонды төсек жанына қоюға болмайтынын айтып берді

Мамандар неліктен смартфонды төсек жанына қоюға болмайтынын айтып берді

АҚШ-тың Калифорния штатының Денсаулық сақтау департаменті смартофн жанында ұйықтаудың зиян екенін анықтады. Зерттеу авторларының пікірінше, гаджеттен таралатын электрмагнитті сәуле қатерлі ісік және бедеулікке алып келеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz.

Департамен баспасөз хабарламасына сәйкес, смартфон мен түрлі аурулар арсындағы нақты байланыс анықталмағанымен, қолдағы мәліметтер қолданушыларға смартфонның зияндылығын дәлелдеу үшін жеткілікті. Гаджеттен таралатын сәулелер, әсіресе, балаларға зиянды екен. Мамандар смартфонды қолданыстан тыс кезде адамдардан бір немесе бірнеше метр алшақ жерге қоюға кеңес береді.
Сонымен қатар, ғалымдар смартфонның жасөспірімдердің ұйқысын бұзып, психикалық денсаулығына зиян келтіріп, зейінін бұзады екен. Сондай-ақ құрылғыдан таралатын радиожиілік сәулелер де қауіп төндіруі мүмкін. Олар ер адам ұрығының сапасына әсер етеді екен. Оған ер адамдардың смартфонды қалтаға салып жүруі себеп.
Мамандар ұйқы кезінде смартфонды жастық астына, төсек жанына қоюдың зияндылығын айтуда.
20 желтоқсан 2017 ж. 2 142 0