Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МАРСЕЛО «ЮВЕНТУСПЕН» КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ

МАРСЕЛО «ЮВЕНТУСПЕН» КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ

Мадридтік «Реалдың» қорғаушысы Марсело туриндік «Ювентуспен» келісімге келді деп хабарлайды AS. Келісім төрт жылға жасалып, ойыншы жаңа клубы сапында жылына 12 млн еуро жалақы алуы мүмкін. Бұған дейін Криштиану Роналду достық байланысы берік орнаған Марселоны «Ювентусқа» шақырды деген ақпарат тараған.
Еске салсақ, бразилиялықтың корольдік клубпен келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін жасалған. Ойыншы биылғы чемпионатта тек 13 ойынға шығып, 2 гол соқты. Одан кейін соңғы төрт матч қатарынан Марсело қосалқы құрамда қалып, оның орнын 22 жастағы Серхио Регилон иеленген болатын.
Абай Қазбекұлы
09 наурыз 2019 ж. 862 0