Тоқабайдағы толымды істер

Кезек ұсыныс-пікірлерге ойысқан соң №20 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің Тоқабай бөлімшесінде бокс бапкері ретінде шәкірт тәрбиелеп жүрген Н.Сариев осы салаға ерекше қолдау танытқан аудан әкіміне ауыл халқының атынан шынайы ризашылығын жеткізді. Артынша, түрлі жарыстарға қатысып жүрген мектеп оқушыларына шағын сыйымдылықтағы автокөлік қажет екендігін және ауылға балабақша ашу керектігін айтты. Мұнан соң, ауыл тұрғыны, зейнеткер Ү.Қуатов атқарушы билік тарапына өзінің алғысын білдіріп, ауылда тұрғызылып жатқан ұялы байланыс мұнарасының жұмысы аяқсыз қалмаса екен деген тілегін жеткізді. Сондай-ақ, Қ.Бердімағанбетовтың 85 жылдығын осы жылы аудан көлемінде атап өтіп, атына туған жерінен көше берілсе деген ұсынысын жеткізді. Бұл мәселелерді назарға алған аудан әкімі М.Оразбаев алдағы уақытта түскен ұсыныстарға байланысты бірлесе жұмыс жасайтынын жеткізді. (Есепті кездесуде облыстық жерді пайдалану мен қорғау басқармасының басшысы Қ.Тоғызбаев болды).
Алтынбек БИСЕНОВ.