Шалғайдағы жұртпен жағымды кездесу

Иә, ел болған соң қажеттілік туындамай тұрмасы анық. Зейнеткер, ардагер ұстаз Т.Төлебаев ауыл тұрғындары атынан бірқатар ұсыныс білдірді. Олардың алғашқысы болып ауылға «Халықаралық Аралды құтқару қоры» арқылы берілген жедел-жәрдем автокөлігіне жүргізуші қажет екендігі және елдегі ескі мектеп ғимаратын балабақшаға бейімдеу мәселесі. Бұдан бөлек қыс мезгілдерінде ауырлық тудыратын жолдың жайы да назардан тыс қалмады. Өз кезегінде аудан әкімі М.Оразбаев жолдың жұмысы бүгін-ертең қолдан келе қоймасын ашық айтып, өзге мәселелерді жыл ішінде шешуге жұмыс жасайтындығын жеткізді.
Алтынбек БИСЕНОВ.