Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар сұранысы орындалды

Тұрғындар сұранысы орындалды

Ел болған соң кім-кімнің де басы ауырып, балтыры сыздамай тұрмайды. Сондайда, біз үшін науқас адамды аудан орталығына жеткізу аса қиын болатын. Осы ретте, елге керегі ауылдағы фельдщерлік пунктке жедел-жәрдем автокөлігі еді. Бұл мәселені біз биліктің назарына ұдайы салып та келеміз. Алайда, осы кезге дейін жедел-жәрдем көлігінің мәселесі оң шешімін таппады. Амалсыздан ауылдағы жеке көлік иелеріне жағдай айтып, жан қиналғанда жанталасатынбыз.  Уақыт өте бізге жағымды жаңалықтың шеті жеткенде, ауыл боп қуанғанымыз бар. Міне, бүгінде сол қуанышымыз ұзағынан болып, аудан әкімі М. Оразбаевтың ықпалымен өткен жылдың 29 желтоқсанында «Аралды құтқару» қорынан ауылымызға жедел-жәрдем көлігі берілді. Сонымен қатар, ауылдағы фельдщерлік пунктке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Иә, осы кезге дейін бұл мәселенің шешімі табылмай келген-ді. Аудан әкімі халыққа оңтайлы жағдай жасады. Атқарушы билікке ел риза.
С.Демесінов, ардагерлер кеңесінің төрағасы,
Т.Төлебаев, қоғамдастық кеңесінің төрағасы және
Атанши ауылдық округінің тұрғындары.
16 қаңтар 2018 ж. 1 369 0