АРАЛДА ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ЗАРДАПТАРЫН ЖОЮ БАҒЫТЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

Оқу жаттығу барысында азаматтық қорғау құрылымы және төтенше жағдай қызметтерімен авариялық құтқару жасағына «Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесінің №20 қалалық су тарату насос станциясында саптық қарау жүргізілді.
Сонымен қатар, оқу жаттығу барысында «Батыс-Қытай – Бастыс-Еуропа» тас жолында 4 жолаушысы бар 1 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалғандығы туралы арнайы тапсырма беріліп, азаматтық қорғау құрылымы және төтенше жағдай қызметтері құтқару жұмыстарына кірісті.
Құтқару кезінде 1 жолаушыға алғашқы медициналық қызмет көрсетілді. Автокөлік қар құрсауынан шығарылып, қалған жолаушылар эвакуциялық қабылдау пунктіне жеткізілді.
Командалық-штабтық оқу–жаттығуға аудандық азаматтық қорғау және төтенше жағдай қызметтерінің 160 жеке құрамы мен 30 техника қатыстырылды.
Сая ЕРАЛИЕВА.