ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ – АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ

Ағылшын тілін қызығушылық деп емес, қажеттілік деп түсінетіндер қатары көбейді. Әрине, бұл басымдықты шет тіліне бұру деген сөз емес. Әйткенмен көштен қалмаудың жолы - тіл білу.
Осы бағытты шыңдау мақсатында Арал қаласындағы №83 орта мектебінде «Ағылшын тілін жаратылыстану бағытындағы пәндерде кіріктіріп оқытудың ерекшеліктері» атты аудандық семинар-парктикум өткізілді.
Семинарға аудан мектептеріндегі бейінді оқыту жөніндегі орынбасарлары және жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері қатысты. Семинар барысында «XXI ғасыр – техника дәуірі» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, жаратылыстану пәндеріне негізделген қалашықтарда оқушылар өздерінің көрме жұмыстарын үш тілде таныстырды. Одан әрі, аудан мектептеріндегі биология, химия, физика, имформатика пәндерінің мұғалімдері үйірме, практикалық және зертханалық жұмыстарын, факультативтік курстар мен танымдық ойын жұмыстарын ортаға салып, әрбір жұмыс өзіндік ерекшелігімен есте қалды.
Соның ішінде, физика пәнінің мұғалімі Ноғаев Елдостың «Қызық екен...» ток-шоуы мен биология пәнінің мұғалімі Тайжанова Аралкүлдің «Денсаулығым өз қолымда» атты сыныптан тыс жұмыстары ағылшын тілінде жоғарғы деңгейде өрбіді.
Семинар соңында осылайша өз жұмыстарын таныстырып, практика жүзінде жүргізген мұғалімдерге ауданыдқ білім бөлімі тарапынан арнайы сертификаттар берілді.
Аудандық баспасөз қызметі.