Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Жуырда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Арал аудандық бөлім ғимаратында, Арал аудандық "Нұр Отан" партиясының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» бастауыш партия ұйымы мүшелерінің және Арал аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, сонымен қатар, "ХҚКО" департаменті Арал аудандық бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауы талқыланды. Бастауыш партия ұйымының бас қосқан жиынында партия мүшесі, "ХҚКО" департаменті Арал аудандық бөлімі басшысының орынбасары Е.Ашықбаев және Арал аудандық білім бөлімінің бас маманы Ғ.Сейтова өз кезегінде жолдауда көрсетілген басты басымдықтарға тоқталып өтті. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлері мен Арал аудандық білім бөлімінің қызметкерлері де Мемлекет басшысының саясатын қолдайтындықтарын жеткізді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық
емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің баспасөз қызметі..
30 қаңтар 2018 ж. 1 952 0