Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 40 автобус жолға шықты: Арыстағы алапат өрттен кейін тұрғындар жаппай эвакуацияланып жатыр

40 автобус жолға шықты: Арыстағы алапат өрттен кейін тұрғындар жаппай эвакуацияланып жатыр

№44856 әскери бөлімінде болған өрттен кейін Арыс тұрғындарын эвакуациялап жатыр. Сондай-ақ, аталған аймақта 8 (7252) 44 94 72 нөмірі бойынша психологиялық көмек көрсетілуде,

Дүйсенбі күні сағат 09:20 шамасында Қазақстанның оңтүстік бөлігінде алапат өрт болды. Әлеуметтік желіде тараған видеодан өрттің тұрғын үйлер маңында болғанын байқауға болады. Сондай-ақ, әйнек сынығының дауысы естіліп жатыр. Адамдар өз көлігімен қала сыртына шығуға тырысып жатыр. 
Барлық шараны Түркістан облысы мен Шымкент қаласы әкімдігі мен ТЖ ұйымдастырып жатыр. Түркістан облысы ТЖ мәліметінше, дәл қазір Шымкентте 15 эвакуациялық пункт жұмыс істеп тұр. 
Тұрғындарды эвакуациялау үшін 40 автобус жолға шықты. Арыста жалпы 43 мың адам тұрады.
24 маусым 2019 ж. 776 0