Әріптестері болып шықты: Инкассаторларды өлтіріп, 7,5 млн ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Қызметкерлер барлық камераны тексеріп, тұрғындардан сұрастырды. Нәтижесінде сол күні шамамен сағат 20:00 кезінде полицейлер Арыстан 3 километр жерден инкассатор көлігін тапты. Көліктің ішінде қан болды. Біз бірден инкассаторларды өлтіріп кетті деп ойладық. Осылайша іздестіру жұмыстарын жалғастырып, келесі күні сағат 06:00 кезінде аудан орталығынан 35 километр жерден инкассаторлардың мәйітін таптық. Олардың басына оқ тиген екен. Жедел тергеп-тексеру жұмыстарының арқасында күдіктіні тұрғылықты мекенжайы арқылы ұстадық. Ол 1981 жылғы жергілікті тұрғын әрі марқұм инкассаторлардың әріптесі болып шықты.
Күдіктінің үйінен аң аулауға арналған мылтық пен ақша табылды Ол кезекті демалыста болып, әріптестерінен өзін жол-жөнекей ала кетуді өтінген. Кейін екеуін атып өлтіріп, көліктегі ақшаны алып кетеді. Ер адам ҚР ҚК 99-бабына сәйкес айыпталып отыр. Күдікті тұтқындалды. Болған оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", - деді Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Қайрат Дәлбеков брифинг барысында.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Түркістан облысында белгісіз біреудің инкассаторларға шабуыл жасап, ақша ұрлағаны туралы хабарлаған едік.