"Қазпоштаның" 300 миллион теңгесін қолды еткендер бір айдан соң ұсталды

Пошта бөлімшесінен 24 ақпанда 300 миллион теңге ақша ұрланған болатын.Қылмыскерлерді анықтау жұмыстары өңірдің барлық полиция күштері жұмылдырылды. Нәтижесінде қылмысты жасады деген күдікпен Жаркент қаласының екі тұрғыны ұсталды.
Ұрланған ақша күдіктілердің біреуінің үйіндегі арнайы жабдықталған құпия жерден және шаруашылық үй-жайдан табылды. Аталған факті бойынша тергеп-тексеру жұмыстары ІІМ-нің бақылауына алынған.