Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астаналық зейнеткер таксиде 6,5 миллион теңгесін ұмытып кетті

Астаналық зейнеткер таксиде 6,5 миллион теңгесін ұмытып кетті

Астана полицейлері таксиде 6,5 миллион теңгесін ұмытып кеткен зейнеткерге ақшасын тауып беріп, қайтарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

70 жастағы әжей Астанадағы Байқоңыр ауданының полиция бөлімшесіне жүгініп, таксидің ішінде қомақшы ақша салынған пакетін ұмытып кеткенін айтты. Зейнеткердің айтуынша, ол қаладағы банктердің бірінде есепшотынан ақша шешіп, сыртқа шығып ақ түсті таксиге отырған.
Керекті мекен-жайға жетіп, автокөліктен түскен зейнеткер тек бірнеше минутнан кейін ғана таксидің артқы орындығында ақша салынған пакетін ұмытып кеткенін есіне түсірді. Мазасы кетіп, көңілі түскен әжей бірден полицияға келіп, ақша жоғалтқанын хабарлады.
Аудандық полиция бөлімінің қылмыстық полиция қызметкерлерінің жақсы келісілген әрекеттерінің арқасында зейнеткерді жеткізіп тастаған көлікті бейнебақылау камералары арқылы анықтады.
«Ақшасын тауып алған әжей қатты қуанып, көрсеткен кәсібилігі үшін полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, полиция қызметкерлері оған қиын жағдайға көмектесіп, жоғалған пакетті тез арада тауып, қайтарған», – деп хабарлады Ішкі істер департаментінен.
Stan.kz
15 қазан 2018 ж. 1 046 0