СҚО-да полицейлер өртке оранған микроавтобустан 11 баланы құтқарды

Мироавтобустың соңынан полиция департаментінің экипажы аға лейтенант Жігер Балтабай мен аға сержант Батырхан Молдажанов қызметтік көлігімен еріп жүрген екен.
Олар бірден балаларды микроавтобустан эвакуациялаған. Сонымен қатар өрт сөндірушілерді шақырып, өздері өрт сөндіргіш құралдың көмегімен жалынды сөндіруге кіріскен.
Алайда желдің салдарынан көлік қатты жалындап, полицейлер мен жүргізушілер өртеніп жатқан микроавтобусты жолдан әрі қарай итеріп тастапты.
Хабарланғандай, полицейлер Рлщинское аулына эвакуацияланған балаларды басқа көлікпен үйлеріне жеткізген.