Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 18 жастағы қостанайлық бойжеткеннің өлімі: полицейлер қамауға алынды

18 жастағы қостанайлық бойжеткеннің өлімі: полицейлер қамауға алынды

Қостанай облысында өз қызметтік міндетіне салғырт қараған екі полицей қамауға алынды.Қостанай облысы ішкі істер департаменті Қостанай аудандық жол-патруль қызметінің екі полицейінің өз қызметтік міндетін салғырт орындау фактісі бойынша сотқа дейігі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды alau.kz.
Екі полицей — жергілікті полиция қызметінің старшинасы мен аға сержанты ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.
"Полицейлер 20 шілде сағат 22:16-да Қостанай қаласының ІІБ жедел басқару орталығының "102" операторынан Қостанай-Затобол трассасында белгісіз ер адамның әйелге зорлық көрсетіп жатқаны туралы хабарлама алады. Оқиға орнына келген олар жолдың бойындағы қыздың мәйіті жатқан ағаштың ішін дұрыс қарамаған",- деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Облыстық департаменттің ішкі қауіпсіздік басқармасы полиция қызметкерлерінің әрекетінен қылмыстық салғырттық көріп отыр. Олар өз қызметтік міндетін тиісінше орындамаған.
Ішкі қауіпсіздік басқармасы тергеушілерінің полицейлерді ұстау туралы өтінішін сот қолдаған.
Қазіргі уақытта полицейлерге қатысты қылмыстық кодекстің 371-бабы "Салғырттық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, Қостанай облысында Затобол елді мекенінің18 жастағы тұрғыны Дарья Махартова кешке жүгіруге шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Бойжеткеннің мәйіті келесі күні Қостанайдың жанындағы ағаш ішінен табылды. Қазіргі уақытта күдікті іздестіріліп жатыр.
sputniknews.kz
25 шілде 2018 ж. 1 586 0